Мақсат – ұлтаралық достықты нығайту
Алматыда этномәдени бірлестіктер арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға қырғыз, өзбек, ұйғыр, дүнген халқының өкілдері келген. Мақсат – ұлтаралық достықты нығайту. Жарысқа қатысушылар 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шахмат, валейбол, үстел теннисі сынды спорт түрін де қамту жоспарланған.
«Мақсат – бәсекелестік емес, чемпионды анықтау емес, бір-біріміздің достығымызды арттыру. Енді бұл үрдіс жыл сайын жалғасады деп жоспарлап отырмыз. Мынау бастамасы. Алдымызда келе жатқан балаларды қорғау күніне орай, осы ұлт өкілдерінің балалары арасында жарыс ұйымдастыру жоспарымызда бар», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Шайтұрсын.