|
30.05.2023 | 15:17
446

Қазақстандағы жылу электр стансаларына қатысты техникалық аудит аяқталды

Елде 55 орталық тексерілген

Қазақстандағы жылу электр стансаларына қатысты техникалық аудит аяқталды Almaty.tv

Қазақстандағы жылу электр стансаларына қатысты техникалық аудит аяқталды. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, елде бас-аяғы 55 орталық тексерілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру қорытындысы бойынша стансалар техникалық жай-күйіне, пайдалану мерзіміне, отын шығыны көрсеткішіне, апаттық жағдайына, мамандарды қамту және жөндеу жұмыстарын орындау сынды санаттарға бөлінген екен. Енді министрлік маусым айының соңына қарай техникалық қызмет көрсету, стансаларды одан әрі пайдалану тұрғысында тиісті жұмыстарды қамти отырып, әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі іс-шара жоспарын дайындайды.  

– Бағдарламаның маңызды бөлігі – қолдау тетігін жетілдіру мен кәсіпорындардың кері міндеттемесін күшейту. Қазіргі кезде министрлік берген өтінімге сәйкес, 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі электр энергиясының шекті тарифін түзетті. Тарифтің орташа өсуі шамамен 24 пайызды құрады, – деді ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир