«Алматы» телеарнасының тілшілері Sunrise Award байқауында топ жарды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұлағат Арғын мен Айдана Нұраштың арнайы жобалары үздік деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасының тілшілері тағы да топ жарды. Облыстық Sunrise Award байқауында Ұлағат Арғын мен Айдана Нұраш журналистердің ішінде үздік атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында медицина саласының дамуын тізбектеп көрсеткен олардың арнайы жобалары қазылар алқасының көңілінен шығып, үздік деп танылды. Сондай-ақ байқауға қатысқан басқа да қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушылар журналистердің шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік беретін осындай байқауларды өткізуді жыл сайын дәстүрге айналдыруға ниетті.  

«Sunrise Award»байқауына 30-ға жуық журналист жұмысын өткізсе, «Тәуелсіздік менің көзіммен» бейнебайқауына 20-дан аса оқушы өз жұмысын өткізген болаты. Байқау 2 айға созылды, міне, бүгін өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды», – деді «Zhetysu media» КММ маманы Балжан Жұмабекова.

Жас журналистерді қолдау мақсатында өткізілген байқауды Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Жетісу медиа коммуналдық мекемесі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұған дейін байқауға тек өңірлік тілшілер ғана өтінім білдіріп келген. Биыл оның ауқымы кеңейіп, мегаполис журналисттері де қатысуға мүмкіндік алыпты.  

Новости партнеров