|
16.10.2021 | 15:18
967

Еліміздің қай өңірлерінде азық-түлік бағасы өсті

Атырау облысында бір аптада жұмыртқа бағасы 27 пайызға қымбаттап кеткен

Еліміздің қай өңірлерінде азық-түлік бағасы өсті  ашық дереккөзден

Премьер-министр Асқар Мамин орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Almaty.tv  Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және т. б. баяндады.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% өсті. Бұған қырыққабат бағасының 3,5%-ға және жұмыртқаның 1,6%-ға қымбаттауы әсер етті.

Қырыққабат бағасы ең көп Алматы қаласында (19,3%), Ақтөбе (7,4%) және Түркістан (6,7%) облыстарында қымбаттаған. Атырау облысында жұмыртқа бағасы айтарлықтай өсті (27%).

«Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 273,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Өткен аптада жұмыртқа (+70,6 миллион дана), картоп (+17,4 мың тонна), сәбіз (+7,2 мың тонна), пияз (+4,7 мың тонна), қырыққабат (+4,8 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді сатып алу ұлғайтылды.

Өткен аптада бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне баға өсуі мүмкін екендігін жария мәлімдегені үшін 4 ескерту жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталды.

Түрлі бағаларды қолдану белгісі бойынша хабарламаны орындамауына байланысты «Тараз қант зауыты» ЖШС-ға қатысты тергеу тағайындалды.

Бүгінгі күні өндірушілермен және ірі супермаркеттермен баға мен сауда үстемесін төмендету туралы, оның ішінде республикалық ірі сауда желілерімен ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы, сондай-ақ Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.

Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир