Ақтөбеде көлік көпірге кептетіліп қалды
diapazon.kz
AF автокөлігің жүргізушісі көпірмен жүріп, қатар келе жатқан машинаға жол бермеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші көлігімен бірге көпірге кептетіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласындағы Заречный көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. DAF автокөлігің жүргізушісі көпірмен жүріп, қатар келе жатқан машинаға жол бермеген. Сол кезде Kia маркалы көлік көпірдің қоршауына кептетіліп қалған.
«Ешкімнің денсаулығына зақым келмеді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Облыстық полиция департаменті жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Биыл 9 айда облыс жолдарында 391 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 68 адам қаза тапты. Тағы 520 адам түрлі жарақат алды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37