28 қазан таңертең сервисте ақау басталған
Қазақстандық YouTube қолданушылары сервистің істен шыққанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
28 қазан таңертең сервисте ақау басталған. Қазақстандықтар мобильді видеохостинг қосымшасы мен веб-нұсқаның жұмыс істемейтінін жарыса жазып жатыр.
Almaty.tv Telegram арнасында жүргізілген сауалнама мәліметінше, дауыс бергендердің 67 пайызында YouTube жұмыс істемейді.