Елімізде тіркелген интернет абоненттерінің саны бір жылда 6,1 пайызға, 2,7 миллионға дейін өсті
Қазақстан әлемдегі 167 елдің ішінде үйдегі ең қолжетімді интернет бойынша жетінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Internet Accessibility Index рейтингі деректері бойынша, Қазақстанда интернет топтаманың орташа айлық құны - 11,5 доллар (5 мың теңге). Рейтингте Украина көшбастайды (айына интернет пакеті - 7,2 доллар), ал ең қымбат интернет - Мавританияда, айына 773,2 доллар.
Сарапшылардың пікірінше, интернет құны мен қаржылық қолжетімділік жағынан салыстырсақ, Қазақстан - көшбасшылар қатарында. WorldData.info орташа кіріс бойынша деректерді салыстыру кезінде Ресей мен Румыния алда екенін анықтады. Бұл елдерде интернеттегі айлық топтаманың бағасы табыстың бір пайызынан аспайды. Қазақстан үштікті аяқтайды, елде интернетке кіретін қолжетімділіктің айлық топтамасы орташа айлық табыстың 1,6 пайызы ғана болады.
Әлемдегі ең жақсы көрсеткіш - Израильде. Интернет құны айына орташа есеппен 24,5 доллар болады, бұл - айлық табыстың тек 0,7 пайызы.
ҚР ішкі статистикасына сәйкес, биыл үшінші тоқсанда байланыс қызметтеріне кететін шығын 6,6 мың теңге болған. Бұл көрсеткішке телефон да, интернет те, ұялы байланыс та кіреді. Қазақстандықтардың коммуникацияға жұмсалған шығын жан басына шаққанда, жалпы шығын 206 мың теңгенің 3,2 пайызы ғана болады.
Елімізде тіркелген интернет абоненттерінің саны бір жылда 6,1 пайызға, 2,7 миллионға дейін өсті. Интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 14-тен келеді.