Қанша мал басы қырылды
Қазақстандағы ауқымды су тасқыны аясында ет тапшылығы мен ет бағасының өсуі күтіле ме деген сауалға ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин 30 мамырда сенат аясында жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Аманғали Бердалин су тасқынынан өлген малдың саны елдегі жалпы малдың 1%-нан аз екенін мәлімдеді және бұл сан нарыққа әсер етпейтініне сендірді.
- Жоқ. Қазақстанда 9 млн-ға жуық ірі қара мал, 27 млн-ға жуық қой, 4 млн-ға жуық жылқы бар, басқа жануарларды айтпағанда. Ал 12 мың бас мал су тасқыны кезінде қырылды),ол тіпті 1% да емес. Сондықтан бағаға ешқандай әсері болмайды, - деді Аманғали Бердалин.
27 мамырда Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бурцеллез анықталды. Осыған байланысты 5 ауданда санитарлық шектеу жарияланды.
Оқи отырыңыз: Апельсин шырыны неге қымбат