Алматы облысындағы трассалардың бірінен белгісіз бала табылды

22.12.2020 20:19

Туыстарын табу үшін ер адам баланы бейнекамераға түсіріп, жазбаны әлеуметтік желіге жүктеген

Almaty.tv

Алматы облысындағы трассалардың бірінен белгісіз бала табылды. Оны Жамбыл ауданындағы тас жолдың бойынан жүргізуші байқап қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туыстарын табу үшін ер адам баланы  бейнекамераға түсіріп, жазбаны әлеуметтік желіге жүктеген.

Ал облыстық полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты тексеріс жұмыстарының басталып кеткендігін айтады.

«Полиция департаменті бұл жағдай бойынша қазір тексеру жүргізіп жатыр. Жақын арада міндетті түрде бұл жағдайдың анық-қанығы анықталатын болады. Баланың ата-анасының әрекеттеріне заңды баға беріледі», – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.