Қызыл ту тұрғындары оқиғаны көзбен көрген
«Ұшақ келді, екі рет қонды қарап тұрдым. Не болды дедім. Ұшақ ұшып жатыр ма дедім. Сөйтсем, жарылған екен. Не болғанын түсінбей қалдым», – деді бірі.
«Қалай құлағанын естідім. Бірақ тұрған жоқпын. Қызымның қасында ұйықтап жатыр едім. Түсінбей қалдым. Сосын сағат 10.00-де тұрдым», – деді келесі бірі.
Айта кетейік, бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшуы тиіс болған Бек Эйр әуе компаниясына тиесілі Фокер 100 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе бортында болған 95 жолаушының 12-сі опат болды. Оның біреуі әуе кемесінің капитаны. Оқиға орнында 8-і бірден көз жұмса, екеуі әуежайда, екеуі ауруханада жан тапсырды. Қазіргі уақытта арнайы құрылған Үкіметтік комиссия мен құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр.