Алматы облысында «Армиялық тактикалық атыс» бойынша курстар аяқталды

16.08.2023 20:19

Курстарға Қазақстан Қарулы күштерінің түрлі бөлімшелерінен 48 адам қатысты

пресс-служба МО РК

61993 әскери бөлімінің "Іле" оқу полигонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің нұсқаушылары – орталық спорт клубының және қазақстандық практикалық ату қауымдастығының тәжірибелі оқытушыларының басшылығымен "Армиялық тактикалық ату" кіріспе оқу курстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Курстарға Қазақстан Қарулы Күштерінің түрлі бөлімшелерінен 48 адам (21 офицер, 23 сержант, 1 қатардағы жауынгер және 3 әйел әскери қызметші) қатысты. Курстардың барлық қатысушысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының атынан атаулы сертификаттармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша ОӘК қатысушылары арасында орындар келесідей бөлінді:

Ер әскери қызметшілер:

1 орын - сержант Еслямов Ержан Ерінұлы ("Восток" Ерік);

2 орын - майор Канлибаев Есбол Ерболұлы (ҚР ҚК ЖББҚ);

3 орын - майор Нұрсейітов Дәурен (ВИСВ);

Әскери қызметшілер-әйелдер:

1 орын - аға лейтенант Серікбаева Жанел Серікқызы, (ҚР ҚМ СК - ЦСК);

2 орын - сержант Харченко Диана Александровна, (ҚР ҚМ СК - ЦСК);

3 орын - аға сержант Важнина Ольга Сергеевна, (ҚР ҚМ СК – ЦСК).