ҚХА аналар кеңесі елдегі кез келген жағдайға көмек көрсетуге дайын екенін айтты

28.02.2022 20:45

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған басқосуда этнос өкілдері бастан өткерген қиын-қыстау кезеңдерін еске түсіріп, көздеріне жас алды

Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесі елдегі кез келген жағдайға бей-жай қарамай, қолдан келгенінше көмек көрсетуге атсалысатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған басқосуда этнос өкілдері бастан өткерген қиын-қыстау кезеңдерін еске түсіріп, көзге жас алды. Олар осынау сәтте қолдау көрсеткен жұртшылыққа алғысын жеткізіп, бұл мерекенің ел бірлігі үшін мәні зор екенін айтты. 

«Бұл мекере – ел бірлігінің, бейбітшілігінің бейнесі іспеттес. Қиын кездерде бір-бірімізді қолдап, барынша көмек көрсетіп келе жатырмыз. Алда да осы кейпімізден таймай, ел дамуы үшін еңбек етуге дайынбыз», – дейді ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Махинур Исраилова.