Денис Тен өлімі: Жанар Толыбаева түрмеге қайтып оралады

10.07.2019 00:16

Ол «қылмысты хабарламағаны үшін» 4 жылға қамалған еді

Александр Вильф

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева бұдан былай жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін еліміздің Жоғарғы сотының кассациялық алқасы келіншекті колонияға қайтару туралы шешім шығарды. Осылайша, оның бала тууына байланысты колония-қоныста мерзімін өтейтіндігі туралы Алматы соты шығарған шешім күшін жояды.

Еске сала кетейік, Жанар Толыбаева наурыз айында аты шулы істің аппеляциясынан кейін орташа күзет колониясынан қауіпсіздігі ең төмен мекемеге ауыстырылған еді. Оған бала тууы себеп болған. Шақалақтың әкесі – Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Арман Құдайберген. Ол өзінің досы Нұралы Қиясовпен бірге 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал, Жанар Толыбаеваның өзі «қылмысты хабарламағаны үшін» 4 жылға қамалған еді.