|
17.09.2024 | 15:21
105

Жантүршігерлік жол апаты: екі көлік те жолаушылармен бірге өртеніп кетті

Жамбыл облысында 7 адам көз жұмды

Жантүршігерлік жол апаты: екі көлік те жолаушылармен бірге өртеніп кетті Фото видеодан алынды

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға кеше сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолында болған. Cadillac Escalade маркалы көлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан автомобильден озбақ болып, қарсы бағытқа шығады. Сол сәтте қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен жанасыпты. Жүк көлігі оны өз бағытына ысырғанда, жеңіл көлік  «Газельмен» соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те бірден барлық жолаушысымен бірге өртеніп кетті.

– Оқиға орнында 37 жастағы «Газель» автокөлігінің және 30 жастағы Cadillac Escalade көлігінің жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жастағы бала бар. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Жамбылда әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген жасөспірім апатқа ұшырады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир