Елордадағы жарылыс: Тағы бір адам көз жұмып, екі адам жан сақтау бөлімінде жатыр

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
Олардың да жағдайы ауыр деп отыр дәрігерлер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда өткен сенбі дәмханалардың бірінде болған жарылыс салдарынан жарақат алған тағы бір адам көз жұмды. Ол туралы қалалық  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 қарашаға қараған түні  24 жастағы жігіт есін жимастан жан тәсілім еткен. Ол төтенше жағдай кезінде үйінділердің астында қалып қойған. Зардап шегуші ауыр халде емханаға жеткізілген еді.

«Пациент бастапқыда қолайсыз болжаммен өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Науқаста бас миының соғылуы мен бас миының ауыр жарақаты болған. Ауруханаға түскен сәттен бастап № 2 көпбейінді қалалық аурухана мамандары мен ұлттық нейрохирургия мамандарымен қаралған. Алайда барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ардаққызы.

Естеріңізге салайық, елордадағы Шұбары шағын ауданында орналасқан кішігірім дәмханада жарылыс болып, 30 адам зардап шеккен еді және 52 жастағы әйел опат болған. Қазіргі уақытта тағы екі адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың да жағдайы ауыр деп отыр дәрігерлер.

Новости партнеров