Еліміздің 20 ірі және орташа қалаларында ауаның қатты ластануы байқалып отыр
Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау ісі – елімізді ғана емес дүние жүзінің мамандарын алаңдатып отырған мәселе. Мысалы, республикамыздың 20 ірі және орташа қалаларында ауа атмосферасының қатты ластануы байқалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Теміртау, Қарағанды және Атырау бар. Басты себеп ретінде сарапшылар көліктен бөлінетін улы газдар, жылу электр стансалары, ірі кәсіпорындар мен халық көп шоғырланған елді мекендердегі ауа алмасуының төмендігін келтіріп отыр. Осы түйткілдің алдын алу мақсатында ел бюджетінен бөлінетін қаржының да көлемі артып келеді. 2014 пен 2018 жылдардың арасында 830 млрд теңге бөлінсе, жыл сайынғы өсім 8,9 пайызға артқан. Олардың дені жаңартылған энергия көздерін табуға, күн сәулесінен қуат алатын, жел мен су, сондай-ақ басқа да баламалы электр стансаларын салуға жұмсалған.