Қытай аумағында жер сілкінді

13.10.2022 20:21

Бүгін таңертең Алматы уақытымен 07:08-де қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер асты дүмпулерін тіркеген

Ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 13 қазан күні Алматы уақытымен сағат 13:56-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. MPV магнитудасы - 4,4. Эпицентр координаттары 42,34° с.е. 81,15°ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені туралы дерек жоқ»,-делінген хабарламада.

Бүгін таңертең Алматы уақытымен 07:08-де қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер асты дүмпулерін тіркеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат