Алматы қаласы бойынша – 52 200 жұмыс орнын құрылады
2022 жылы Алатау ауданда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Биыл жылы Алатау ауданда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз (қала бойынша – 52 200) және 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жылдық жоспардың 63%-ы жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 3700 адамды Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру және 4 242 орынды жеке бастамалар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда», – деді ол.