Жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккен жүргізушінің оң аяғы кесілді

20.08.2024 20:22

«Меркі-Шу-Бұрылбайтал» республикалық автодәлізінде жол апатынан 6 адам көз жұмған

Almaty.tv

Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен Toyota Alphard жүргізушісінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер оның оң аяғын жамбас тұсынан кескен. Себебі жүргізуші соққыны бірінші қабылдағандықтан, денесі мен қос аяғы қысылып қалған. 25 жастағы жүргізуші Қызылорда облысының тұрғыны. Ол жолаушыларды Түркістаннан Астанаға жеткізбек болған. Жарақат алғандар қатарында бір жарым жастағы бала мен анасы да бар. Олардың миы шайқалған. Жарақаты жеңіл дәрежеде болғандықтан, олар үйіне жіберілген. Ал сынық-жарақат бөліміне жатқызылған 31 жастағы келіншектің оң жақ мықын сүйегіне қатты зақым келген.  

– Травматология бөліміне жатқызылған науқасқа от жасалды. Қазіргі жағдайы қалыпты, емін жалғастыруда. Ал жансақтау бөліміне жатқызылған науқасқа екі ота жасалды. Қазіргі таңда сол аяғына ота жасау жоспарлануда, – деді Меркі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Смағұл Дәулетов.  

Еске салсақ, жантүршігерлік жол апаты «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» республикалық автодәлізінде болған. Соның салдарынан 6 адам оқиға орнында опат болды. Олардың қатарында Ғалым Арыстанбаев та бар. 46 жастағы полиция капитаны – көпбалалы әке. Ол өзінің үш баласынан бөлек, тағы 8 балдырғанды бауырына басқан. Ал аға лейтенант Абылайхан Әбішкен 32 жасында опат болды. Министрлік тарапынан марқұмдарға «Айбын» орденін беру қарастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қаратаудағы петроглифтерге қауіп төнді