Жиынға 30-ға жуық адам қатысты
Жетісу ауданы әкімдігі қызметкерлерімен «Бақытты отбасы» орталығында өткен жиынға 30-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасылар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды. Көптеген мәселе шешімін тапты. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жиындар қала тұрғындары мен билік өкілдерінің арасын жақындата түседі.
«Ай айына бір рет «Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырамыз. Оларды ойландыратын сұрақтарын, қандай да бір мәселелерін, солардың барлығын бірге талқылап, шешуге қазір сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы.
«Балам мүгедек болған, мүгедектігін алып тастады. Құжаттарды қайта жөндеуге бола ма? Мені толғандырған мәселеге толық жауап алдым», – деді Жетісу ауданының тұрғыны Дәмелі Ибраева.