Алматыда Мусаннип Увайсовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Өмірін ұстаздық етуге арнаған Мусаннип Увайсов 25-тен астам ғылыми еңбек жазған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Мусаннип Увайсовтың құрметіне өзі тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Академикті еске алуға ҚХА мүшелері, қайраткердің туыстары мен замандастары қатысты. Өмірін ұстаздық етуге арнаған Мусаннип Увайсов  25-тен астам ғылыми еңбек жазған.  

«Бүгін біз «Дағыстан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің бірінші төрағасы  Мусаннип Увайсов әкемізге арнап тақта орнаттық. Бұл біздің отбасымыз үшін, әріптестеріміз үшін өте маңызды оқиға. Әкем өз ісіне адал, жауапты, қарапайым адам болды», – деді М. Увайсовтың қызы Хадижат Увайсова.

 «Мусаннип Увайсовпен Ассамблеяда бірге көп жұмыс істедік. Бұл кісі өте ғылымды болды. Әкімдікте көп жұмыс істеді. Мусаннип Увайсов көп кітап шығарды. Қазақстан  туралы, мектептер туралы», – деді М. Увайсовтың замандасы Гүлнәр Атақызы.

Новости партнеров