|
02.05.2024 | 15:23
243

Марат Қарабаев жолдарды орташа жөндеу ісіне қатысты кеңес өткізді

Министр жол белгілерінің сапасына да бөлек тоқталды

 Марат Қарабаев жолдарды орташа жөндеу ісіне қатысты кеңес өткізді Almaty.tv

Көлік министрі Марат Қарабаев жолдарды орташа жөндеу және отандық өндірушілерді қолдау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға әкімдіктер, мердігерлік ұйымдар және отандық тауар өндірушілердің өкілдері қатысты. Жиналғандар жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бастамалардың қалай жүргізіліп жатқанын талқыға салды.

– Сұрынысы аз болмағанымен, компаниялар жол саласындағы материалдарды өндіруге жақсы бастама көтерді. Өндірістік компаниялардың басшыларының ой-пікірін тыңдап, біздің саланың басшыларына тиісті тапсырма берілген болатын, – деді  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.

Өз кезегінде министр жол белгілерінің сапасына да бөлек тоқталды. Сондай-ақ алыс жолдарда дәретхана санын арттыру сынды мәселелерді көтерді. Ал қолға алынған бастамалар ел экономикасын дамытуға және бизнестің сектордағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

– Сонымен бірге жол белгілері, жол таңбалары, оны қою барысында немесе зауыттан тапсырыс берушіге берген уақытта сапасын тексеріп отырамыз, – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир