«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәстүрлі дода биыл Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жылда өтетін дәстүрлі дода биыл Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа әр өңірден қалам тербеп жүрген 75 қатысушы 150-ден астам жұмыс ұсынған. Олар өз материалдарында қазақ тілінің қолданысын кеңейту, мән-маңызын арттыру жолдарын қамтыған. Екі айға созылған байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» номинациясын «Жас алаш» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бифат Елтаева еншілесе, «Үздік сайт» аталымында  «Айқын» газетінің тілшісі Қарқын Көктем топ жарды. Ал «Үздік теле және радиобағдарлама» бағытында басты жүлдені «Жетісу радиосының» бас редакторы Мұхит Тоқтасын иеленді.    

«Жетісу радиосының ашылғанына 7 айдың жүзі болды. Бұл ұжым ретіндегі алғашқы республикалық байқаудан алған алғашқы марапат. Әрине Талдықорғаннан тарайтын радио алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, мерейін үстем етуге қызмет ете береді», – деді байқау жеңімпазы Мұхит Тоқтасын.

Новости партнеров