|
21.07.2022 | 15:23
998

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді

Мүгедектігі бойынша 539,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 189,9 мың адам жәрдемақы алады

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді ашық дереккөзден

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 217 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады Almaty.tv Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылдың маусым айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 30,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 10,5 млрд теңге бөлінген.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 539,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 189,9 мың адамға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 56 974 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 55 137 теңге.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир