Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
4 адам ұсталып, қалғандарына іздеу жарияланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы еліміздің қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әзірге 4 адам ұсталып, қалғандарына іздеу жарияланған. Ведомство өкілдері аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондары мен аумақтық тергеу басқармаcына хабарласуды сұрайды.

«15 шілдеде тұлғаларға қатысты Алматы қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысы бойынша 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сот Елдос Қоспаевқа іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал Айдос Қоспаев мен Руслан Шалин күдікті деп танылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров