Kaspi Bank-тің қызмет жүйесінен тағы ақау шықты

14.01.2021 20:24

Аударым қызметі жұмыс істеп тұрған жоқ

Almaty.tv

Kaspi Bank аударым жүйесінен ақау шығып, аударым қызметі жұмыс істеп тұрған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандықтар қаражатты басқа шоттарға аудару функциясын қолдана алмайды. Қосымшада «Бекітілмеген» деген жазу пайда болады.

Kaspi Bank қосымшасының алғашқы бетінше ақауды жою үшін жұмыс істеп жатқанын ескерткен. 


«14 қаңтарда Kaspi.kz қосымшасында уақытша техникалық ақау болды. Біздің команда оларды ең қысқа мерзімде түзету үшін бар күшін салады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.