Yutong маркалы бір автобустың құны 146,7 млн теңгені құрайды
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінің қатары 100 электроавтобуспен толығады. Әзірге жыл соңына дейін 50 электроавтобус әкелінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Yutong маркалы бір автобустың құны 146,7 млн теңгені құрайды. Жаңа автобустарда жылыту құрылғысы, пандус, бейнабақылау, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі болады. Бастысы жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы, қоршаған ортаға зиянды заттар таратпайды дейді, мамандар.
«Электроавтобустар арқылы автобус тапшылығын қысқартып, жайлы әрі шусыз автобустармен жаңартамыз. Автобустардың қатынау аралығы қысқарады. Сондай-ақ олар жергілікті бюджетке салық төлемдері есебінен ақшалай түсімдерді ұлғайтуға, оларды пайдалану кезінде де қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», – дейді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ.