Өскемендік келіншектің «біртүрлі» әрекеті камераға түсіп қалды (видео)

01.04.2019 20:25

Ғимараттағы бейнебақылау камерасына әйелдің табалдырықты бірнеше мәрте күбірлеп аттағаны түсіп қалған

Өскеменде шаштараз қызметкерлері бейтаныс әйелдің түсініксіз іс-қимыл жасағанына куә болған. Ғимарат табалдырығын бірнеше мәрте аттап, түсініксіз қылық танытқан келіншек желі қолданушыларын шошытып қойды, деп жазады  YK-news.kz.

Ғимараттағы бейнебақылау камерасына әйелдің табалдырықты бірнеше мәрте күбірлеп аттағаны түсіп қалған. Бұны көрген  шаштараз қызметкерлері шошып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай іс-қимылдар жасалған видео желіде осы жылдың ақпан айында тарап кеткен болатын. Ол кезде келіншек облыстық достық үйінің табалдырығын аттаған.