Үш сапер ауыр халде: Арыста тағы бір жарылыс залалсыздандырылды

23.09.2019 23:59

Оқиға 21 қыркүйекте Арыс қаласынан 60 км қашықтықта болды

Арыс қаласынан 60 шақырым жерде зардап шеккен 10 сапердің үшеуі ауыр халде жатыр. Оқиға полигон аумағында оқ-дәрілерді залалсыздандыру кезінде орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің алдын-ала мәліметі бойынша жарылыс детонация немесе басқа да жарылғыш заттардың жарылуынан туындаған. Қазір әскерилер жазда болған төтенше жағдайдың салдарын тазарту үшін оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр.

«Үшеуінің жағдайы ауыр, біреуінің жағдайы орташа деңгейде және тағы біреуінің жағдайы - қанағаттанарлық. Олар таяуда қатарға қосылады деген үміттеміз», – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Естеріңізге салсақ, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала тұрғындары толықтай эвакуацияланған еді. Жарылыс салдарынан бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны қаза тапқан.  

Теги: Арысь