|
08.02.2019 | 15:26
9649

Алматыда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының филиалы ашылады

Акимат Алматы, Минобороны и «Жас Сарбаз» подписали меморандум о сотрудничестве

Алматыда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының филиалы ашылады akorda.kz

Алматыда «Жас сарбаз» жасөпірімдер әскери-патриоттық қозғалысының филиалы ашылады. Бүгін Елбасы жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қорғаныс министрлігі, қала әкімдігі және республикалық қоғамдық бірлестік үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Келісім аясында Алматының әр ауданында кәсіби әскери салаға даярлайтын 8 сынып ашу көзделген. Оған қоса, қала жастарын отан сүйгіштікке тәрбиелеп, әскери қолданбалы спорт түрлеріне үйрететін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Өз кезегінде, қала әкімі Бауыржан Байбек еліміздегі студент жастардың үштен бірі білім алатын Алматыда атқарылып жатқан тірліктерді жіпке тізді. Есте болса, Елбасы тапсырмасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Оның аясында 2020 жылға дейінгі жастарды қолдау «Жол картасы» қабылданды. Бағдарлама аясында бас-аяғы үш лофт-орталық, жаңартылған заманауи кітапхана және 1200 адамға шақталған 3 жатақхана пайдалануға берілді. Сондай-ақ, тиімді тетіктерді пайдаланып, жеңілдекпен баспана алу үшін «Алматы жастары» бағдарламасы іс қосылып, 236 отбасы үйлі болды.  

«Сонымен қатар, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру мақсатында «Бес қару», «Сұңқар», «Атамекен» және «Сарбаз рейз» сынды 160-тан астам іс шаралар өткізілді. Барлық қала мектептерінде жас сарбаз әскери-патриоттық мамандандырылған сыныптары және әскери-патриоттық клуб пен үйірме жұмыс жасайтын болады. Елбасы жариялаған биылғы жастар жылында бұл жұмыстардың ауқымы арта түсіп, жаңа қарқын алмақ. Олай болса, жүйелі жұмыстың жалғасы болатынын «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалыс филиалының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Айта кетейік, еліміз бойынша мектептерде балаларды әскери іске баулитын 150-ге жуық арнайы сынып ашылған. Онда патриоттық тәрбиені 3 мыңнан аса жеткіншек алып жатыр. Жалпы, Отанға деген құрметті қалыптастыратын жұмыс жемісті болуы үшін республика бойынша 74 мыңға жуық жас қамтылатын болады. Ал «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Елбасының тікелей бастамасымен құрылған болатын.  

«Бұл меморандум Елбасының тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Жалпы, Қорғаныс министрлігі қазіргі таңда осы республика бойынша «Жас сарбаз» және жалпы әскери патриоттық жұмысын жүргізіп жатыр. Барлық жергілікті атқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, ардагерлермен, қоғамдық тұлғалармен белсенді жұмыс істеліп жатыр. Бірақ Алматы еліміздің шығармашылық, өнер, білім беру басқа да салаларындағы ордасы болғаннан кейін, бұл қалаға ерекше үміт артамыз», – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир