БҚО-да Жайық өзені қауіпті деңгейге жетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Орал қаласындағы 14 эвакуация пунктін 2300-ден аса адам паналауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҚО-да Жайық өзені қауіпті деңгейге жетіп, жұртты алаңдатып отыр. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің соңғы мәліметіне сәйкес, су нормасынан 12 см-ге асып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Болжам бойынша жақын арада көрсеткіш 9,5 метрге жетуі ықтимал. Бірақ жергілікті билік өңірде жағдай  тұрақталып келе жатқанын айтып, алдағы 2-3 күнде су деңгейі төмендейтінін жеткізді

Батыс Қазақстан өңірінде құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Орал қаласындағы 14 эвакуация пунктін 2300-ден аса адам паналауда. Зардап шеккендерге ыстық тамақ пен тұрмыстық керек-жарақ ұйымдастырылып, қажетті көмектің бәрі көрсетілді. Аймақты топан су басқалы барлық құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Жедел желіге осы уақытқа дейін 800-ге жуық қоңырау түсіпті.

– Зардап шеккен адамдардан өтініш қабылданады. Бүгінгі таңда 5000-нан астам өтінім келіп түскен. Оның 1542-сі қанағаттандырылып, жалпы 541 миллион теңге бөлінді, – деді облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Соңғы 2-3 күнде Жайық өзені қауіпті белгіден асып түскен. Алайда мамандар жақында судың қайтатынын болжап отыр.

– Жайық өзенінінің деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді. Су тасқыны кезінде Шу Аңқаты өзенінде су ағасының қатты болғаны байқалды. Меніңше 100 миллион текше метрден кем емес. Ол толығымен Шалқар көліне құйды, – деді  «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайынов.

Аймақта су тасқынына қарсы қорғанысты нығайтып, зардабымен күресу жұмыстарына барлығы мыңнан аса адам және 2000 бірлік техника жұмылдырылған.

Әйкерім Пернебек, Дина Әлібекова, Юрий Осипенко, «Алматы» телеарнасы, БҚО

Оқи отырыңыз: Тасқынмен күрес жұмысына бөлінген қаражат бақылауға алынады

Новости партнеров