Тасқынмен күрес жұмысына бөлінген қаражат бақылауға алынады

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі гидроқұрылыс нысандарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша 4 бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Құзырлы органның мәлімдеуінше, Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстары бойынша 5 адам күдікті деп танылып отыр. Ал келтірілген залал көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Осыған байланысты республика бойынша тасқынмен күрес жұмысына бөлінген қаражаттың қалай жұмсалып жатқаны және берілген көмектің зардап шеккендерге нақты жетуі жіті бақылауға алынбақ. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер мен қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

– Сапалы тексеріс жұмысын жүргізіп, гидроқұрылыс нысандарын салуға бөлінген ақшаның қайда жұмсалғанын анықтау керек. Яғни агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпайды. Тек бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдетуге бөлінген қаражаттың ұтымды пайдаланылуын зерделеуі қажет, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов

Сонымен қатар ведомство қызметкерлері «тасқыннан зардап шеккендерге көмектесеміз» деп, қарапайым халықтан ақша жинайтын алаяқтарға да қарсы іс-шараларды қолға алмақ. Агенттік төрағасы Дмитрий Малахов «бағаның өсуіне де жол берілмеуі қажет» дейді. Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті заттардың бағасына мониторинг жасалмақ. Сондай-ақ құрылыс материалдарының құнын шарықтатып жіберетін алыпсатарлардың да жолы кесілетін болады.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Павлодар облысында жаңа баспананың құрылысы басталды

Новости партнеров