ҚР Президенті бір күндік еңбек ақысын Арыста зардап шеккендер қорына аударды
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды», - деп жазады Берік Уәли.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43
Қазақстандық парадзюдошы Азия Пара ойындарында алтын жеңіп алды
21.10.2026 17:54