Алматы облысында мұқтаж отбасыларға қой таратылды

Алматы облысында мұқтаж отбасыларға қой таратылды
Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдайы төмен 40 отбасыға көмек көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының Үштөбе қалалық мешітінде республикалық «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы аясында зекет таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдайы төмен 40 отбасыға көмек көрсетілді. Атап айтқанда, отыз бір қой, 7 қап ұн, 25 кг қант және тағы басқа   азық-түлік таратылды.

«Қайырымдылық жасаған азаматтарға Алла разы болсын. Қайырымдылыққа келген қойлар шын мұқтаж адамдарға берілу үшін арнайы тізім жасап, сол тізім арқылы тараттық. Зекетті жасырын да, жария етіп те беруге болады. Бүгін жария қылып беріп жатқандағы мақсатымыз - осыны көрген басқа да азаматтар үлгі алып, зекеттерін таратсын деген ой. Осы арқылы ислам дінінің құндылықтары жайылады, ел ішіне береке кіреді», – дейді Қаратал ауданының бас имамы Ерік Аманкелдіұлы. 

Мешіт имамдары бес парыздың бірі – зекет беру әрбір ауқатты мұсылманға парыз екенін ел ішінде насихаттап жүр. Игі істі дамыту мақсатында зекет қоры да құрылған. Оған Қаратал ауданының бас имамы Ерік Аманкелдіұлы бірнеше адамды алқа мүшесі етіп тағайындаған.


Новости партнеров