Батыр таққа таласпайды, оны қорғайды - Бақытжан Ертаев

05.02.2024 20:27

Іс-шара Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған

Almaty.tv

«Батыр таққа таласпайды, оны қорғайды». Жастарға осылайша үн қатқан халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев бүгін Алматыдағы «Жасұлан» республикалық мектебінің ұландарына арнап «Ерлік» сабағын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылуына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына тұспа-тұс келген еске алу жиынына Ауған соғысының ардагерлері мен «Жасұлан» мектебінің жеке құрамы қатысты. Кездесуде өскелең ұрпаққа сын сағаттағы әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөнінде ой-пікір айтылды.

– Ауған соғысының ардагерлері соғысты көрген, сондықтан бейбітшіліктің қадірін біледі. Олар жастарды тәрбиелеуі керек. Ол – парыз. Ал жастар  болашағымыз. Ақсақал бар жерде ақыл сұрайды, жастар бар жерде болашақ бар. Ақсақалдар мен жастар бір болса, бейбітшілік туы – сол! – деді Ауған соғысының ардагері, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.

– Мақсат – жастардың әскери патриоттық сезімін ояту. Олар – елді қорғаушылар. Бүгінгі іс-шарадан тәлім алып, олар намысты, рухты жігіт болып өседі, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ержан Хамитұлы.

Оқи отырыңыз: Каспий теңізі жағалауындағы жартас құлап қалды