Алматылықтардың өмір сапасын жақсарту үшін қала әкімдігі көп жұмыс атқарды – Роза Бадаева

Алматылықтардың өмір сапасын жақсарту үшін қала әкімдігі көп жұмыс атқарды –  Роза Бадаева
Пандемия кезінде соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, халықтың әлеуметтік осал топтарына қажетті көмек көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 17 ақпанында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарына есеп беру кездесуі өтті. Мегаполис басшысы Алматының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен жетістіктері және 2021 жылға арналған даму жоспарлары туралы айтты. Кездесуді бақылаған Алматы менеджмент және сервис колледжінің директоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Роза Бадаева өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы ақшамына сілтеме жасап.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуі алғаш рет жаңа онлайн форматта өтіп отыр. Бірақ бұл қала басшысына қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беруге кедергі болмады. Толассыз қойылған сауалдардың басым бөлігі әлеуметтік жағдай мен қала құрылысы мәселелеріне байланысты қойылды. Осы орайда алматылықтардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі көп жұмыс атқарғанын атап өткім келеді. Бұған мегаполисте азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру да ықпал етеді», – деді Р. Бадаева.

Сонымен қатар Р. Бадаева коронавирус инфекциясына қарсы күресте көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

«Ел азаматтары жұдырықтай жұмылды. Еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Шектеулер де көп болды. Дегенмен, қала әкімдігі, оның құрылымдық бөлімшелері мен коммуналдық қызметтер салалары қалыпты режимде тұрғындардың игілігі үшін жұмыс істеді. Карантиндік кезеңде мұқтаж адамдар бетперделермен, санитайзерлермен қамтамасыз етілді, дәріханаларда дәрілік препараттардың қажетті қоры болды және олар әлі де бар. Пандемия кезінде соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, халықтың әлеуметтік осал топтарына қажетті көмек көрсетілді. Қала басшысы сауалдарға жауап бере отырып, алдағы уақытта Алматыда қала тұрғындарының жайлы тұруы үшін қажетті абаттандыру, тұрғын үй, инфрақұрылым, жолдар мәселелері шешілетінін жеткізді. Осы орайда алматылықтардың өмір сапасын жақсарту үшін қала әкімдігі көп жұмыс атқарды», –  деді Р. Бадаева.

Алматы менеджмент және сервис колледжінің директоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Роза Бадаева қала тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Қалада әлі де карантин шаралары сақталып отыр. Мамандардың сөзінше, осы шаралардың арқасында ел ішіндегі эпидахуал жақсарып келеді. Дегенмен әлі де босаңсуға болмайды»,– деді Р. Бадаева.

Новости партнеров