|
11.09.2021 | 14:53
3715

Сара Амангелді Рaparazzi-ге қандай шындығын айтты

Интернеттегі сыни пікірлер Сара қыздың көңіліне кірбің салған көрінеді

Сара Амангелді Рaparazzi-ге қандай шындығын айтты

Әнші Сара Амангелдінің жеке өміріне қатысты түрлі ақпарат осы жылдың көктемінде әлеуметтік желіде жиі талқыға түскен еді. Ажырасқан ер азаматпен көңіл қосты деген тақырыпта түрлі жазба пабликтерде жариялана бастады. Бұл туралы «Алматы»  телеарнасындағы Рaparazzi бағдарламасында Кешьюдің экс-солисі бұл жолы шындығын айтты.

«Менің ол жерде ешқандай кінәм жоқ.  Бұл өмірде қателеспейтін адам жоқ, бәрі қателеседі. Біреу қосылады, біреу ажырасады. Ештеңке айта алмаймын, Алланың көзі тура болсын», – деді әнші.

Интернеттегі сыни пікірлер Сара қыздың көңіліне кірбің салған көрінеді. Қателесуден қорықпайтын бикеш, ең бастысы өзіңді дер кезінде қолға алсаң жеткілікті, дейді.  

«Әр қыздың басынан түрлі жағдайлар өтеді. Бірақ енді Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Ешқандай өкініш жоқ. Ең бастысы – ата-анам аман болсын», – деді С. Амангелді.

Байқаусызда баянсыз махаббаттың шырмауына іліккен Сараның келешектен үміті зор. Өмірге позитивті көзқарас танытқан өнерпаз ару ешнәрсеге мойымақ емес.

«Бұнымен өмірім тоқтап қалған жоқ. Ашық Сараға жарқын өмір сүрген ұнайды. Адам күйзеліс алатын болса, ағзасы да, денсаулық та әлсірейді. Сондықтан өмірге, Алланың берген әр күніне шүкіршілік етіп, рақмет айтудан шаршамау керек», – деді ол.

Айта кетейік, әнші қазіргі таңда жігіттерді емес, дене сымбатына көңіл бөлуді қолға алған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир