Меккеге жаяу барған өзбекстандық азамат Маңғыстауға жетті

24.04.2022 в 20:27

64 жастағы ер адам күніне 30 шақырым жүріп өткен

Ақтау тұрғыны Вадим Александрович өзбекстандық қажыны Бейнеу кіреберісіндегі автотұрақта қарсы алды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Саяхатшы велосипедіне тамақ пен киім-кешек салып алған. Ол жолда ашық аспан астында түнеген. Өзбекстандықты Ақтау тұрғыны Маңғыстауда қарсы алды. 64 жастағы ер адам күніне 30 шақырым жүріп өткен.

Оның айтуынша, бәрі ауа райына байланысты екен. Оған осындай ұзақ жолға шығу қорқынышты болмаған.

Оның есептеуінше, Ақтауға дейін 330 шақырым қалған, ол 10 күннен кейін қалада болуы тиіс болған. Содан кейін ол пароммен кетеді.

Вадим Александрович пен оның әріптестері ер адамға тамақ беріп, жақсы жол тілеген әрі аздап ақша берген.


Айта кетейік, бұл - 64 жастағы ер адамның екінші қажылық сапары. Алғаш рет 2015 жылы жаяу жүріп өткен.