Бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздерді таныстырып, ұлттық нышандарға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Адай есімді афромерикалық бүлдіршіннің патриоттық сезімі ерекше екенін тәрбиешілері атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ол басқа балалармен бірге әнұранды бар ынтасымен шырқап, Мемлекеттік тумен танысты.
Айта кетейік, 2021 жылы әлемді коронавирус індеті шарпыған уақытта Жаңаөзен қаласындағы перзентханада афроамерикалық сәби дүниеге келген болатын. Оған «Адай» деп ат қойылды.
Ол туралы Kazinform «Қазақтың салтымен тәрбиеленіп жатқан Адай Қазақстанның азаматтығын алғысы келеді» деген тақырыппен материал жариялаған еді.
Бүгінде 3 жасар Адай Теңге ауылындағы балабақшаның кіші тобында тәрбиеленуде. Әкесі Фрайдэй Адере мен анасы Мерси Адере тіл үйрену курстарында ағылшын тілінен сабақ береді.
Оқи отырыңыз: Бала қауіпсіздігі: өгей әкемен тұратын балалардың жағдайы қалай