Жыл басынан бері Алматыда құны 4,7 млрд. теңге болатын 5 шағынаудандағы 128 көшенің құрылысы аяқталған. Ал, қазіргі таңда 9 шағынауданда ұзындығы 84 шақырымды құрайтын 341 көшеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар 147 көшеде орташа жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары назардан тыс қалған емес. 7 бағдаршам нысандарының құрылысы тәмамдалып, 18 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері 11 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін LED-жарықтандырумен жабдықталды. Сондай-ақ, орталық жүйеге 93 бағдаршам объектілерін қоса отырып, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғырту, қайта жаңарту және дамыту басталды. Биыл 270 бірлік автобус сатып алынып, жыл соңына дейін 180 автобус сатып алу жоспарлануда.