Мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан атауын өзгерту мәселесін қарайды

14.09.2022 20:29

2 қыркүйекте Мәжілістің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдаған болатын

pixabay

Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту мәселесін көпшілік тыңдауларда қарастырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тыңдаулардың анонсы мәслихат сайтында жарияланды.

"2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдауларының қарауына" Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" мәселе шығарылады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжілістің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдаған болатын.