Нұр-Сұлтанда жаңа әліпби талқыланды

Нұр-Сұлтанда жаңа әліпби талқыланды
Ғалымдар латын әліпбиін меңгертудің тиімді әдістерін қарастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе». Нұр-Сұлтанда осындай атаумен ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізде болса, қазан айының соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға әліпбиді реттеу бойынша тапсырма берген болатын. Бұл шараға еліміздің белді ғалымдары мен барлық тіл жанашырлары қатысты. Конференция барысында олар жаңа әліпби мен емле ережелеріне қатысты ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелерді және латын әліпбиін меңгертудің тиімді әдістемелерін талқыға салды. Жаңа әліпбидің артықшылықтары мен оның негізіндегі мақұлданған емле ережелерінің олқы тұстарын айтты.

«Бекітіліп қойған емлені жөндеу өте қиын. Ал енді мақұлданған емлемен жазып-сызу барысында емленің де, әліпбидің де олқы тұстарын анықтап алу, артықшылықтарын байқау өте қолайлы. Сондықтан біз бір жыл бойы жазып-сыздық. Бұл нәрсені жоққа шығарып, «бәрі босқа кеткен дүние» деген пікір білдіріп жатқандар да бар. Бірақ мен оларға қарсы айтарым емле мен әліпбиді тексерудің бір ғана мықты жолы  – практика», – деді Ш. Шаяхметов атындағы тіл-қазына ұлттық ғылыми практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар ФАЗЫЛЖАН.

Новости партнеров