«Өмір иірімі» телехикаясының екінші маусымы көрерменге жол тартады

22.05.2020 в 20:29

«Өмір иірімінің» екінші маусымы елдегі төтенше жағдай кезіндегі отбасылық оқиғаларға бағытталған

Карантин кезіндегі отбасылық өмір. Аға мен іні арасындағы қарым-қатынас. Ене мен келіннің ортасындағы жанжал. Махаббат пен опасыздық. Осы сынды өмірлік оқиғалар «Өмір иірімі» телехикаясында көрсетіледі. Аталған сериалдың түсірілім алаңынанда Almaty.tv тілшісі болып қайытты.

«Өмір иірімінің» екінші маусымы елдегі төтенше жағдай кезіндегі отбасылық оқиғаларға бағытталған. Яғни, осы уақытқа дейін күйбең тіршілік жасап жүрген адам, төрт қабырғаға қамалғаннан кейін қандай күйде болады? Жанұяда нендей мәселелер туындайды? Оны кейіпкерлер қалай шешеді? Осы сынды көріністер сериалдан табылады. Сценарий авторының сөзінше, оқиғалардың 80 пайызы ойдан шығарылғанымен, негізі өмірден алынған.

«Сценарий жазған кезде біз жалпы өмірде болған оқиғаларға сүйенеміз ғой. Бірде бір кісі «өмір ол кино, ал, кино ол өмір» деп айтыпты. Яғни, кинода болатын нәрсе, ол ешқашан да ойдан шығарылмайды. Әрбір сценарист өмірінің, ойының бір бөлшегін ол жерге береді. Яғни, бұл жерде өткен оқиғалар деп айтсам да болады», – деді  сценарий авторы Айдана ЖАРҚЫНБЕК.

Көгілдір экранға миллиондаған адамды жинаған жоба 2017 жылдан бері шығып келеді. Екінші маусым да сәтті болады деп болжап отыр киногерлер. Өйткені осы жолы да өмірлік оқиғалар, оның ішінде төтенше жағдай кезіндегі отбасылық мәселелер көрініс таппақ.

«Қазір азаннан кешке дейін ерлі-зайыптылар бірге. Әртүрлі жағдайлар болады. Отбасылық ұрыс-керіс те бар. Өмірдің өзі. Ешқандай фантастикалық емес. Күнделікті болып жатқан оқиғалар. Өзіміздің сериалға түскен актерлер басты рөлде ойнайды», – деді режиссер Мақсат ОСПАНОВ.

Режиссердің айтуынша, түсірілім таңғы 08.00-ден бастап, түнге дейін созылады. Телехикая көрермен назарына алдағы дүйсенбі, яғни, 25 мамырдан бастап ұсынылады. Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында күндізгі 12.00-де «Алматы» арнасынан «Өмір иірімін» көріңіздер.

Өмір Әнуарбек Валерий Таубалдиев, «Алматы» арнасы