Шырқа, Қазақстан: «Алматы» телеарнасында жаңа бағдарлама көрерменге ұсынылмақ

11.06.2024 20:29

Жеңімпазға 3 миллион теңге сыйақы беріледі

Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы жаңа жұлдыздарға жол бастамақ. Күзгі маусымда музыкалық талант шоу жанрында «Шырқа Қазақстан» атты жаңа бағдарлама қалың көрерменге ұсынылмақ.

Теларна ұсынған төл туындыда 18 бен 45 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынап, жеңімпазға 3 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар жобаға қатысушыларға бағдарлама ұйымдастырушылары атынан тосын сый қарастырылған.

Айта кетейік, тартысты додада тәлімгерлер тізімін танымал продюсер Бағым Мұхитденова бастаса, дәстүрлі жанрда Тамара Асар таланттарға бағыт бермек. Ал жас буын жұлдыздарға Еркеш Хасен қолдау білдіреді. 

Аталмыш жобаға бүгіннің өзінде 200-ге жуық қатысушы өтінім берген.

Оқи отырыңыз: Шырқа, Қазақстан: Almaty TV арнасы кастинг жариялайды