Ашық аспан астындағы кітапхана: Әуезов ауданында кітап көрмесі ашылды

Ашық аспан астындағы кітапхана: Әуезов ауданында кітап көрмесі ашылды
Мұнда келген адам ақын-жазушылардың өз қолтаңбасы бар туындыларды да көре алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ашық аспан астындағы кітапхана. Әуезов ауданында Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық театрдың алдында көпшілікке арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда келген адам ақын-жазушылардың өз қолтаңбасы бар туындыларды да көре алады.  Аудан әкімі алдағы уақытта 8-10 шағын аудандарда дәл осындай кітапханалар салу жоспарда бар екенін тілге тиек етті. Сол себепті де жастарды кітап оқуға шақырып отыр.  

«Театрдың алдындағы субұрқақтың қасына көптеген жастар, ауданның тұрғындары келіп демалады. Жай отырмай, әлде болмаса телефонға қарап, үңіліп отырмасын деп, көрме ұйымдастырылды», – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

«Біздің мына ұлттық тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, оны алып жүру үшін, оның болашағы жарқындау болуы үшін бізге білімді ұрпақ керек. Білім тек қана кітапта. Кітап оқыңыздар», – деді жазушы-этнограф Болат Бопайұлы

Новости партнеров