Бүгін «Достық үйінде» «Өнер мұраты» атты кітаптың тұсаукесері өтті

18.12.2019 20:30

Бұл – белгілі күйші, ақын Талап Қараштың төртінші кітабы

 Екі жыр жинағы мен бір прозалық туындысын оқырман жылы қабылдаған. «Өнер мұраты» кітабына әр жылдары мерзімді басылым беттерінде жарық көрген сұхбаттар топтастырылған. Кітапта белгілі тұлғалар ағынан жарылып, өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жиын барысында Талаптың анасы ақын, әкесі режиссер деп айтылып жатыр. Сондай өнерлі отбасынан шыққандықтан мен қолыма қалам алуға мәжбүр болдым. Бала кезден сол бағытты ұстандым. Күй шертіп әрі қалам ұстап, өзімнің құрдастырым, замандастарым, өнер тұлғалары жайлы жаздым», - дейді ақын Талап ҚАРАШ.

«Бұл кітаптың құндылығы – журналистер әңгімелескен адамдарының сөзін әдетте газет-журналдарда редакцияланып, бір ізге түсіріліп кетеді ғой, ал Талап сұхбатты тура сол қалпында, сұхбат берушінің сөз екпінімен, даусының әсерімен берген кезде кітапты оқып отырып, сол адамдардың үні, образы, бейнесі көз алдыңызға келеді», – дейді «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат ТОҚАШБАЕВ.