Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды

28.07.2024 20:30

Бұл қайғылы жаңалықты журналист Дана Нұржігіт жеткізді

otinish.kz

Депутат, танымал блогер Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қайғылы жаңалықты журналист Дана Нұржігіт жеткізді.

"Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. "Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма?" деп, ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім... Қайтейін?! Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол, ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек. Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау "көшбасшыға" өзіңе жанкүйер болып, студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ. Күлекең - мейірбике, Төлеутай әкей - сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… Қап,қап! Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке, Лаура, Арука, туған-туыс,дос бауырға қайғыра көңіл айтамын! Сабыр…", - деп жазған ол.

Almaty tv ұжымы Дәулет Мұқаевқа және оның отбасына қайғыра көңіл айтады.