|
22.05.2022 | 15:30
11940

Пәтерге ұры түсуі мүмкін екенін қалай білуге болады – сарапшы белгілерді атады

Ұрылар пәтерді тонамас бұрын, алдымен, оның тұрғындарын бақылайды

Пәтерге ұры түсуі мүмкін екенін қалай білуге болады – сарапшы белгілерді атады © Sputnik / Алексей Филиппов

Саяжай кезеңі басталысымен пәтер ұрлығы жиілей түседі. Қаскөйлер қожайындардың ұзақ уақыт үйде болмайтынын пайдаланып қалуға тырысады.

Мәскеулік "Защита" адвокаттар алқасы филиалының меңгерушісі Анатолий Миронов "Прайм" агенттігіне дайындалып жатқан қылмыстың белгілері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшының айтуынша, әдетте қылмыскерлер ұрлық алдында дайындық жүргізеді. Көп жағдайда олар пәтерді және онда тұратын адамдарды ұзақ уақыт бақылайды.

"Егер пәтерден немесе кіреберістен шыққан кезде бұрын ешқашан көрмеген адамды кездестірсеңіз, қырағылық танытыңыз", — деп ескертті заңгер.

Бейтаныс адамдарға өз мүлкіңіз бен демалыста қайда баратыныңыз жайлы айтпаған дұрыс.

Сонымен қатар есіктегі немесе пошта жәшігіндегі белгілер, құлыппен проблема, күзет сигнализациясының жиі іске қосылуы, есікке не домофонға анонимді қоңыраулар қауіпті сигналға жатады.

Дереккөз: sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир