|
24.05.2019 | 15:30
2667

Нұр-Сұлтандағы Жетісу саябағында Сәдібек Түгелді қолдау шарасы өтті

Нұр-Сұлтандағы Жетісу саябағында Сәдібек Түгелді қолдау шарасы өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жетісу саябағында Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің кандидатурасын қолдауға бағытталған концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шара аясында Сәдібек Түгел жергілікті халықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Сәдібек Түгелдің кандидатурасын қолдауға бағытталған шараның тап осы паркте ұйымдастырылуының өзіндік себебі бар екен. Өйткені, 1999 жылы үміткер Астана қаласының баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

«Елбасы тоғайды салып, суын құйғаннан кейін, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сол кезде бір журналист әріптесіміз сұрақ қойды. Саябаққа қандай ат қою керек деп. Сонда ол кісі ұсыныс жасаңдар деді. Сонда сұрақ қойған бала абдырап қалды. Мен айттым осыған Жерұйық деп ат қойсақ қайтеді деп. Елбасымыз қолдаймын, қолдаймын деді», – деп еске алды үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ

Сол күні Жерұйық деп атау туралы бұйрық шығып, алғашқы тал отырғызылған алаңқай бүгінде 10 мыңнан астам түп ағашы бар саялы баққа айналған.

Жалпы, Президентікке үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға басымдық берілген. Жастар тәрбиесіне ден қойылған. Ондағы ойы – ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир