Науқас балаларға 26 литр қан тапсырылды
Алматыда студент жастар науқас балаларға 26 литр қан тапсырды, деп хабарлады Аlmaty.tv.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өтеусіз қан тапсыру акциясы өткізілді, бұл қайырымдылық шарасына 80 студент қатысты.
- Акция көмекті қажет ететін науқас балаларға қолдау көрсету аясында ұйымдастырылды. Мұқтаж жандарға өз еркімен көмектесуге дайын екенін көрсеткен акцияның барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс білдіреміз. Осындай сәттер біздің қоғамда игі істерді атқаруға, өзгеге көмектесуге дайын жанашыр жандардың бар екенін көрсетеді, - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығының »директоры Жандос Нәдіров.
Донор болуға ниет білдірген 80 студенттің 52 қан тапсыруға рұқсат берілді.
Бұл донорлық процеске деген байсалды көзқарасты және әрбір қатысушының жауапкершілігін көрсетеді.
Акция нәтижесінде 26,52 литр қан жиналды. Мұндай шара науқас адамдардың өмірін сақтап қалумен қатар, қоғамда донорлық мәдениеттің қалыптасуына септігін тигізеді.
Осындай іс-шара ынтымақ пен өзара көмектің маңыздылығын арттырады. Сонымен қатар әрқайсымыздың қайырымдылық істерге үлес қоса алатынымызды көрсетеді.
- Біз іс-шараға қатысушылардың барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз және бүгін бастау алған әріпестігіміз әлі де жалғасын табады деп сенеміз. Әрқайсымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын болайық және әлемді жақсырақ әрі мейірімді ету үшін игі істер атқарайық, - деді Жандос Нәдіров.
- Жасы 18 толған, арнайы медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ және компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар донор бола алады.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес донорларды қабылдау тек ҚР азаматының жеке куәлігі, ҚР төлқұжаты (түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасы бар болғанда ғана іске асырылады. Шетелдік азаматтар шетелдік төлқұжат пен ҚР ЖСН көрсетуі керек.
- Донордың бойы 150 см-ден, салмағы 50 кг жоғары болу керек.
- Донорлыққа баратын күннің қарсаңында донорларға кешкісін майлы, қуырылған, ащы тағамдар, сүт өнімдерін, спирттік ішімдіктер ішуге болмайды. Спирт ішімдіктерін ішкеннен кейін 48 сағат өту керек, соңғы 3 күнде дәрі қабылдауға болмайды.
- Қан тапсырар күні таңертең жеңіл тамақпен қанағаттаныңыз жәй қантпен қара шәй ішіңіз. Қан тапсырар алдында кофе ішуге болмайды. Егер донор тамақ ішсе ол қан алуға тек 4-6 сағат өткеннен кейін жіберілуі тиіс.
- Денелеріне әшекей сурет салғандар, пирсинг жасағандар, инемен емделгендер, ерін, қасына түзету енгізгендер осы әрекеттер аяқталғаннан бастап, 4 айға дейін донорлыққа жіберілмейді.
- Түнгі ауысымдағы жұмыстан соң қан беруге болмайды.
- Әйелдердің етеккірі келіп кеткеннен соң 5 күннен кейін ғана донор бола алады.
- Гепатитпен, ВИЧ, туберкулезбен , жыныстық жолмен берілетін инфекциямен қатерлі ісікпен ауырғандар, мүгедектік топ берілген азаматтар т.б – донор бола алмайды.
Оқи отырыңыз: Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар үстел теннисінен турнирде жеңіске жетті